Азаматтарға арналған үкімет/ Правительство для граждан

Азаматтарға арналған үкімет/ Правительство для граждан

Share

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.

Госкорпорация «Правительство для граждан» предоставляет госуслуги физическим и юридическим лицам по принципу «одного окна»

03/06/2026

✨Бүгін «ХҚКО трансформациясы» айдарында кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу қызметі туралы айтамыз.

🔍Қызмет көрсету процесінде қандай өзгерістер болғанын, қандай кезеңдердің жеңілдетілгенін және енгізілген жаңа шешімдер құжат рәсімдеуді қаншалықты жылдам әрі ыңғайлы еткенін қарастырамыз.
________
✨Сегодня в рубрике «Трансформация ЦОН» расскажем об услуге государственной регистрации объекта кондоминимума.

🔍Разберём, что изменилось в процессе получения услуги, какие этапы стали проще и как новые решения помогают оформить необходимые документы быстрее и удобнее.

01/06/2026

🌸Балаларды қорғау күніне орай біз Қазақстанда бала тууға байланысты жәрдемақыны қай өңірлерде жиі рәсімдейтінін көрсететін қызықты статистика дайындадық.
✔️Аталған мемлекеттік қызметке ең жиі жүгінетін ТОП-5 өңір тізімін ұсынамыз.
📋Әрбір рәсімделген құжат бұл еліміздің бір азаматы және отбасы мен балаға көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың маңызды қадамы.
_____________
🌸Ко Дню защиты детей мы подготовили интересную статистику о том, где в Казахстане чаще всего оформляют пособие на рождение ребёнка.
✔️Представляем топ-5 регионов, жители которых наиболее активно обращаются за данной государственной услугой.
📋Каждый оформленный документ - это ещё один маленький гражданин нашей страны и важный шаг государственной поддержки семьи и детства.

26/05/2026

Мемлекеттік корпорация тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықтың алдын алуға бағытталған бірқатар комплаенс-рәсімдер жүзеге асырады.

2025 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаулардың қорытындысы бойынша жер кадастры, АХАТ, заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікті тіркеу, кадрлық қамтамасыз ету, сондай-ақ әкімшілік-шаруашылық қызмет салаларында 31 тәуекел анықталды. Қазіргі уақытта олар бойынша түзету шаралары қабылдануда.

Әрбір талдаудың алдында шағымдар мен ұсыныстар жиналады, ал олар аяқталғаннан кейін кез келген тілек білдіруші қорытындыларды талқылауға қатыса алады.

Сондай-ақ, өткен жылы қызметкерлердің 1 мыңнан астам декларациясы зерделеніп, олар бойынша 51 мүдделер қақтығысы анықталды және реттелді. Олардың әрқайсысы ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырған болатын. Биыл осындай 13 жағдай реттелді.

Заңсыз қызметке тартылу тәуекелдерін азайту үшін 2025 жылы контрагенттерге 112 кешенді тексеру жүргізілді, олармен үлестес 2 мың тұлғаның сенімділігі зерделенді, сенімсіз өнім берушілермен 650 млн теңге сомасына мәмілелерден бас тартылды. Биыл 100-ден астам тексеру аяқталды.

Бастамашыл ақпараттандыру арналары арқылы 2025 жылы 100-ден астам өтініш түсіп, оның 21-і бойынша уәждер расталды. Барлық фактілер бойынша кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды, ал 1 жағдайда еңбек шарты бұзылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен комплаенс саласындағы саясат талаптарына тұрақты түрде оқыту жүргізіліп тұрады. Тек өткен жылдың өзінде одан 19 мың қызметкер өтті. Биыл жаңадан қабылданған 490 маман оқытылды. Сондай-ақ, сыйлықтар мен мәдени-сауықтыру іс-шараларын өткізу саласында тұрақты негізде бақылау жүргізіледі.

Комплаенс-бақылаудың басым бағыттары бойынша жұмыс жалғасуда.
____________________________

Государственная корпорация на регулярной основе проводит ряд комплаенс-процедур, направленных на превенцию коррупции и мошенничества.

По итогам внутренних анализов коррупционных рисков 2025 года установлен 31 риск в сферах земельного кадастра, РАГС, регистрации юридических лиц и недвижимости, кадрового обеспечения, а также административно-хозяйственной деятельности. Сейчас по ним принимаются корректирующие меры.

Перед каждым анализом осуществляется сбор жалоб и предложений, а по их завершению любой желающий может принять участие в обсуждении итогов.

Также за прошлый год изучено более 1 тыс. деклараций работников, по которым выявлен и урегулирован 51 конфликт интересов. Каждый из них нес потенциальные коррупционные риски. В этом году урегулировано 13 таких ситуаций.

Для минимизации рисков вовлечения в незаконную деятельность в 2025 году проведено 112 комплексных проверок контрагентов, изучена благонадежность 2 тыс. аффилированных с ними лиц, осуществлен отказ от сделок на сумму 650 млн тенге с ненадлежащими поставщиками. В этом году завершено свыше 100 проверок.

По каналам инициативного информирования в 2025 году поступило больше 100 обращений, по 21 – доводы подтвердились. По всем фактам виновные лица привлечены к ответственности, а в 1 случае – расторгнут трудовой договор.

Регулярно проводится обучение требованиям антикоррупционного законодательства и политик в сфере комплаенс. Только за прошлый год его прошли 19 тыс. работников. В этом году обучено 490 вновь принятых специалистов. Также на постоянной основе ведется контроль в сфере подарков и проведения культурно-развлекательных мероприятий.

Работа по приоритетным направлениям комплаенс-контроля продолжается.

26/05/2026

⚜️Құрметті қызмет алушылар!

✨27 мамыр күні Құрбан айт мейрамына байланысты барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімдер жұмыс істемейтінін хабарлаймыз.

✔️Айта кетейік, мереке күндерінен басқа уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімдер де әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді.

🎉Сіздерді Құрбан айт мейрамымен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа амандық, береке және жақсылық тілейміз!
_______________
⚜️Уважаемые услугополучатели!

✨Информируем вас о том, что 27 мая в связи с празднованием Курбан айт все ЦОНы и спецЦОНы, включая дежурные отделения, работать не будут.

✔️Отметим, что в остальные дни, не совпадающие с праздничными датами, все ЦОНы и спецЦОНы, включая дежурные, будут работать согласно действующему графику работы.

🎉Поздравляем с праздником Курбан айт и желаем благополучия, мира и добра!

25/05/2026

🔗Көлік құралын тіркеу туралы куәлік — әрбір жүргізуші үшін ең маңызды құжаттардың бірі. Ол автокөліктің тіркелгенін растайды, көлік құралы туралы негізгі мәліметтерді қамтиды және автокөліктің тіркеу есебінде тұрғанының дәлелі болып табылады.

📍Бүгінде техникалық паспортты беру құны 1,25 АЕК-ті (5 406 теңге) құрайды.

🔍Бүгін «Қызықты статистика» айдарында 2026 жылдың алғашқы 4 айында мамандандырылған ХҚКО-ларда ең көп техникалық паспорт берілген Қазақстанның ТОП-5 өңірін көрсетеміз.
___________________
🔗Свидетельство о регистрации транспортного средства - один из главных документов каждого водителя. Именно оно подтверждает регистрацию автомобиля, содержит основные сведения о транспортном средстве и является доказательством того, что авто состоит на регистрационном учёте.

📍На сегодняшний день стоимость выдачи техпаспорта составляет 1,25 МРП (5 406 тенге).

🔍Сегодня в рубрике «Интересная статистика» мы собрали топ-5 регионов Казахстана, где в СпецЦОНах за первые 4 месяца 2026 года было выдано больше всего техпаспортов.

20/05/2026

🌐Технологиялар мен цифрлық сервистердің дамуымен көптеген мемлекеттік қызметтер кезең-кезеңімен жетілдіріліп, азаматтар үшін ыңғайлы әрі қолжетімді бола түсуде.

📍Бүгін «Трансформация» айдарында жер учаскесін сәйкестендіретін құжаттарды рәсімдеу және беру процесінің қалай өзгергені және қазіргі таңда қандай мүмкіндіктер қолжетімді екені туралы айтып береміз.
_____________
🌐С развитием технологий и цифровых сервисов многие государственные услуги поэтапно совершенствуются, становясь удобнее и доступнее для граждан.

📍Сегодня в рубрике «Трансформация» расскажем, как изменился процесс оформления и выдачи документов, идентифицирующих земельный участок и какие возможности доступны сегодня.

Photos from Азаматтарға арналған үкімет/ Правительство для граждан's post 18/05/2026

📲БейнеХҚКО сервисі мемлекеттік қызметтерді ХҚКО-ға бармай-ақ онлайн алуға мүмкіндік береді.
📍Сервистің мүмкіндіктерін Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының тұрғындары белсенді пайдаланады. Сервисті ЦОН мобильді қосымшасы арқылы пайдалануға болады.

🔍Бүгінгі топтамада БейнеХҚКО сервисіндегі сұранысқа ие 5 қызметті ұсынамыз.
_____________
📲Сервис ВидеоЦОН помогает получать государственные услуги онлайн без необходимости посещать ЦОН.
📍Наиболее активно возможностями сервиса пользуются жители ЗКО, Актюбинской и Карагандинской областей. Воспользоваться сервисом можно в мобильном приложении ЦОН.

🔍В нашей подборке мы подготовили топ-5 самых востребованных услуг сервиса ВидеоЦОН.

15/05/2026

⚜️Цифрлық сервистердің дамуы мемлекеттік қызметтер мен қажетті ақпаратты тез әрі ыңғайлы алуға мүмкіндік береді.

📲Бүгінгі Digital ЦОН айдарында мобильді қосымшадағы «Калькулятор» сервисі туралы айтамыз. Бұл сервис арқылы бала тууына байланысты берілетін жәрдемақының және бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты төлемнің шамамен қанша болатынын алдын ала өздігінен есептеуге болады (соңғы нақты сома туралы шешімді уәкілетті мемлекеттік орган қабылдайды).

⏳Ыңғайлы формат уақытты үнемдеуге және сервисті онлайн түрде кез келген уақытта пайдалануға мүмкіндік береді.

________________
⚜️Развитие цифровых сервисов позволяет получать государственные услуги и необходимую информацию быстрее и удобнее.

📲Сегодня в рубрике Digital ЦОН расскажем о сервисе «Калькулятор» в мобильном приложении ЦОН, где можно самостоятельно рассчитать предварительный размер пособия при рождении ребёнка и выплаты по уходу за ребёнком до полутора лет (окончательное решение принимает уполномоченный госорган).

⏳Удобный формат помогает сэкономить время и воспользоваться сервисом в любое время онлайн.

13/05/2026

🤱🏻Бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді тағайындау - ата-аналар үшін сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі. Цифрландырудың дамуына байланысты қызметті рәсімдеу үдерісі жеңілдеп, оны алу бұрынғыдан да ыңғайлы әрі жылдам бола түсті.

🌐«ХҚКО трансформациясы» айдарында қызмет көрсету тәртібінің уақыт өте қалай өзгергені және бүгінде қандай мүмкіндіктер қолжетімді екені туралы айтамыз.
___________
🤱🏻Назначение социальной выплаты по уходу за ребёнком до полутора лет, одна из востребованных государственных услуг для родителей. С развитием цифровизации оформление услуги упростилось, а получить её стало удобнее и быстрее.

🌐В рубрике «Трансформация ЦОН» расскажем, как со временем изменился процесс оформления и какие возможности доступны сегодня.

Want your business to be the top-listed Government Service in Nur-Sultan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address

г. Астана, Улица Керей, Жанибек хандар, 4
Nur-Sultan
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00