15/06/2026
🔬ТАРАЗДЫҢ ҒЫЛЫМИ КЕҢІСТІГІ
#Тараз #Ғылым #ТараздыңҒылымиКеңістігі
15/06/2026
📖Төлеген Айбергеновтың бұл шумағы — махаббаттың адам тағдырына әсерін, оның жаулаушылық қасиетін дәл әрі нәзік жеткізген.
💌Тағдырыңды тұсап, еркіңді жаулап алған сол бір «қара көз» — өміріңнің басты шешіміне айналғаны қалай?!»
#ТөлегенАйбергенов #ҚазақПоэзиясы #Сезім #ЖүрекЖарыс
15/06/2026
Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл
Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл
АСТАНА. KAZINFORM — 15 маусым — Кеңес Одағының Батыры, мерген Әлия Молдағұлованың туған күні. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Отаны үшін отқа түсіп, ерлігімен ел е....
15/06/2026
📝15 маусым – Кеңес Одағының Батыры, мерген Әлия Молдағұлованың туған күні. Ұлы Отан соғысы жылдарында Отаны үшін отқа түсіп, ерлігімен ел есінде қалған қазақтың қаһарман қызының биыл туғанына 101 жыл.
Бозторғайдай жастық шағын сұрапыл соғыстың ортасында өткізген батыр қыз өзінің өшпес ерлігімен тарих бетінде алтын әріппен қалды. 18 жасында қолға қару алып, жүздеген жаудың көзін жойған мерген қыз Отан үшін жанын пида етті.
Әлия — тек соғыс батыры ғана емес, ол — қазақ қыздарының батылдығы мен отансүйгіштігінің жарқын үлгісі. Есімізден ешқашан шықпайтын қаһарман қызымыздың рухына тағзым етеміз!
15/06/2026
⚜️”Заң мен тәртіп” тұжырымдамасы аясында “Сұлтан Бейбарыс” тарихи драмасы сахналанды
📌12 маусым күні А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық академиялық қазақ драма театрында «Сұлтан Бейбарыс» тарихи драмасы “Заң мен тәртіп” тұжырымдамасы аясында сахналанды.
🎭Қойылымның режиссері – «Асанәлі» сыйлығының иегері Гаухар Адай. Ал сахналық кеңістікті үйлестірген қоюшы-суретші – ҚР Мәдениет саласының үздігі Гүлдана Алина. Шығармашылық топ тарихи кезеңнің тынысын дәл жеткізіп, көрерменді ғасырлар қойнауына жетелейді.
«Сұлтан Бейбарыс» – орта ғасырларда Мысыр мен Шам өңірін қамтыған алып мәмлүк мемлекетінің негізін қалаған, қыпшақ даласының перзенті Бейбарыс сұлтанның күрделі тағдырын арқау еткен шығарма. Жат жерде жүріп 17 жыл ел басқарған тарихи тұлғаның ерлігі, қайсарлығы мен кемеңгерлігі сахна тілінде әсерлі өріледі.
▫️Спектакль желісі Бейбарыстың әділ басшы, алғыр дипломат әрі қайсар қолбасшы ретіндегі болмысын ашып көрсетеді. Оның өміріндегі күрес пен жеңіс, достық пен сатқындық, тағдыр мен таңдау сынды мәңгілік тақырыптар көрермен көңіліне терең ой салады. Қойылым барысында қазақ халқының бай мәдени мұрасы – ұлттық музыка, әуен, би және салт-дәстүр көркем үйлесім табады.